Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрі SOUNDTRACK HITS атты концертке шақырады

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрі SOUNDTRACK HITS атты концертке шақырады

11 маусым сағат 19:00-де Құрманғазы  атындағы Қазақ ұлттық оркестрінің SOUNDTRACK HITS атты концерті өтеді. Концертте үздік кино әуендері қазақ оркестрінің сүйемелдеуімен орындалады. Бағдарламада кино кейіпкерлерімен арнайы фотозона болады.  

Алғаш рет ұйымдастырылып отырған SOUNDTRACK HITS концертінде Сіздер көпшіліктің көңілінен орын алған танымал фильмдердің музыкасын тыңдап, кино әлеміне саяхат жасай аласыздар.

Кино-концерттің бағдарламасы – Ханс Зиммердің Zoosters breakout («Мадагаскар» мультфильмі), Джеймс Хорнер «Титаник», («Титаник» фильмі), Ханс Зиммер «Кариб теңізінің қарақшылары», Төлеген Мұхамеджанов «Махаббат станциясы», (Махаббат станциясы» фильмі) Нұрғиса Тілендиев  «Аққу» («Қыз Жібек» фильмі), Александр Зацепин «Алматым менің» («Тақиялы періште» фильмі),  А.Шелыгин «Бригада» («Бригада» фильмі) т.б  көркем және анимациялық көркемфильмдердің танымал саундтректері орындалады.

Концерт солистері: Сатжан Шаменов, Қадыршат Сатпай, Әділбек Мақсұт, Айдос Жабағин, Ақылбек Бектасов, Мөлдір Ахасова. Оркестрдің бас дирижері – Абылай Тілепберген.