Мария Овчинникова Токио Олимпиадасына барады

Мария Овчинникова Токио Олимпиадасына барады

Алматы қаласында жеңіл атлетикадан ересектер арасында XXIX Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Бәсекеде Мария Овчинникова ұзындыққа секіруден Токио Олимпиадасының нормативін орындап, төрт жылдықтың басты бәсекесіне қатысуға мүмкіндік алды. Спортшының ел чемпионатындағы нәтижесі – 14,34 метр.

Бұл Қазақстан еншісіндегі 63-ші жолдама. Токиодағы олимпия ойындары 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.

Ал жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты ертең, 9 маусымда аяқталады. Жалпы еліміздің барлық өңірінен келген 241 спортшы бақ сынап жатыр.