Ғұсман Қырғызбаев күміс жүлдеге ие болды

Ғұсман Қырғызбаев күміс жүлдеге ие болды

Бүгін Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан дзюдодан Әлем чемпионатында Ғұсман Қырғызбаев күміс жүлдегер атанды.

60 килоға дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз финалда ресейлік Яго Абуладзеге жол берді.

Осы салмақта бақ сынаған тағы бір отандасымыз Мағжан Шамшадин жартылай финалда Яго Абуладзеден, қола жүлде үшін бәсекеде әзірбайжандық Карамат Хусейновтен жеңілді.

Әлем чемпионатының алғашқы күні Қазақстан құрамасы бір күміске қол жеткізді.