
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Алматы облысына жұмыс сапары барысында Олимпиада дайындығына арналған республикалық базаның құрылыс жұмысымен танысты.
Министрге Алматы облысындағы республикалық олимпиада даярлау базасының құрылыс-монтаждау жұмысы биыл жыл соңына дейін аяқталатыны айтылды.
Нысан құрылысына тапсырыс беруші – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті.
Бас мердігер – Astana Building KZ ЖШС.
Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерге сәйкес, жер учаскесінің жалпы ауданы-40 гектар; ғимараттың жалпы ауданы - 130 831,45 шаршы метр, құрылыс көлемі - 800 978,42 м куб.