
Биыл өзінің 60-шы мерейтойлық маусымын өткізіп жатқан «Қазақконцерт» ұйымы көрермен қауымды жаңа концерттермен қуантады. Жаздың алғашқы айында өнер сүйер қауым «Жұлдызбен бір сахнада» атты жаңа жобаның куәгері болады.
Жаңа жобаның басты ерекшелігі – көрермендер концерттерді әртістермен бірге сахнада отырып тамашалап, концерттердің тікелей қатысушысы болады. Әртістер өнер сүйер қауымға жаңаша әсер мен ерекше көңіл-күй сыйлайды.
«Жұлдызбен бір сахнада» жобасы аясында маусым айында түрлі музыкалық бағыттағы 10 концерт өтеді:
|
Өнер көрсететін ұжым |
Концерт атауы |
Музыкалық жанр |
Өтетін күні мен уақыты
|
|
Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі |
«Концерттік симфония» концерті |
классикалық музыка |
4 маусым |
|
«Форте трио» мемлекеттік триосы |
«Редеет облаков летучая гряда» концерті |
классикалық музыка |
6 маусым |
|
Qazaq quintet |
«Музыкалық кездесу» концерті |
классикалық аспаптық музыка |
10 маусым |
|
«Астана сазы» мемлекеттік фольклорлық ансамблі |
«Ұстаз бен шәкірт» концерті |
фольклорлық музыка |
11 маусым |
|
«Классикалық өнер» бөлімі, белгілі опералық әншілер |
«Романс души моей» концерті |
қазақша классикалық романстар |
12 маусым |
|
«Saz&soul» тобы Әміре Мади Сыздықов |
«Saz&soul» тобының авторлық концерті |
заманауи музыка |
13 маусым |
|
«Астана мюзикл» театры |
Сиқырлы сазды хор-концерт |
спектакль |
18 маусым |
|
«Халық қазынасы» өнер бөлімі, дәстүрлі әншілер |
«Сал домбыра» |
дәстүрлі әндер, фольклорлық музыка |
19 маусым |
|
«Форте трио» мемлекеттік триосы |
«На волне романтизма» концерті |
классикалық аспаптық музыка |
25 маусым |
|
«Астана мюзикл» театры |
«№13» комедиясы |
спектакль |
26 маусым |
Концерттердің барлығы офлайн форматта «Қазақстан» орталық концерт залында өткізіледі.
Көрермендер концерттік залға «Ashyq» қосымшасы арқылы кіре алады.