Ахмет Жұбанов атындағы республикалық мектептің қабылдау комиссиясының жұмысы "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің назарында

Ахмет Жұбанов атындағы республикалық мектептің қабылдау комиссиясының жұмысы "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің назарында

Бүгін 3 маусымда Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатына 2021-2022 оқу жылына 1-ші және 2-ші сыныпқа  оқушыларды қабылдау конкурсының II кезеңі және басқа да сыныптарға қабылдау конкурсының I кезеңі өтті.

Талапкерлердің қабілетін мектеп-интернаттың жетекші педагогтарынан құралған комиссия мүшелері бағалады. Комиссия құрамында: Н.Н. Аширов, Н.Е. Бекназаров, Ж.О. Набиева, А.У. Сабденалиева, Г.К. Казыбекова, Т.Ж. Исенов және комиссия жұмысын бақылаушы ретінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілі – Сақтағанова Айгүл Әбдіғапбарқызы бар.

Талапкерлер әртүрлі аспаптарда өнерлерін, табиғи музыкалық қабілеттерін көрсетті, күрделі формада тактілерден үзінділерді орындады. Комиссия мүшелері балалардың аспапқа қарай икемдерін, қолдарын, тістерін, музыканы тыңдау, есте сақтау қабілеттерін тексерді. 3-7 – сыныптың кейбір балалары арнайы музыкалық дайындықпен келген: фортепиано, домбыра, қобыз, скрипка, баян, флейта, саксофон аспаптарында орындап, бақ сынады.

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және кері байланыс орнату мақсатында мектеп сайтында көрсетілген сенім телефондарына хабарласу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, сынақтар кезінде үміткерлердің тыңдалымдары бейнекамераға  түсірілді.

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында  конкурстық іріктеу кезінде барлық санитарлық талаптар орындалды.

Байқаудың IІ турының қорытындысы комиссия отырысында талқыланды. Бүгінгі емтиханға 90 талапкер өтініш берді, 87 талапкер емтиханға келді, 45 талапкер III кезеңге өтті. 1 – сыныптың II кезеңіне 39 оқушы өткен болатын, оның ішінде 3 оқушы емтиханға келмеді, 36 оқушы тыңдалды, 27 оқушы III кезеңге өтті. 2 – сыныпқа 3 оқушы таңдалып, 2 оқушы III кезеңге өтті. 3 – сыныпқа 11 оқушы тыңдалып, 4 оқушы келесі кезеңге өтті. 4 – сыныпқа 13 оқушы тыңдалып, 6 оқушы келесі кезеңге өтті. 5 – сыныпқа 11 оқушы тыңдалып, 4 оқушы келесі кезеңге өтті. 6 – сыныпқа 2 оқушы тыңдалып, 2 оқушы да келесі кезеңге өтті. 7 – сыныпқа 5 оқушы тыңдалды, ешкім келесі кезеңге өтпеді. 8 – сыныпқа 2 оқушы тыңдалды, келесі кезеңге ешкім өткен жоқ.

Келесі кезеңге өткен талапкерлердің тізімі мектеп сайтына орналастырылды: jubanov.kz