Апелляция комиссиясы өтініштерді қарастырды

Апелляция комиссиясы өтініштерді қарастырды

Бүгін 2 маусымда Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатына 2021-2022 оқу жылына 1-ші және 2-ші сыныпқа  оқушыларды қабылдау конкурсының I кезеңінен өтпеген талапкерлердің ата-аналары апелляцияға өтініш берді. Өтініштерін қарау мақсатында арнайы     апелляция комиссиясы құрылып, әрбір баланың I кезеңдегі видеосын жеке-жеке талқылады. Өтініш берген 11 талапкерден 7 талапкер  II кезеңге өтті.

Аппеляция  комиссиясы мүшелерінің қатарында: М.Қ. Бисенғалиев, Г.С. Жакеева, Р.С. Турабаева және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілі – Сақтағанова Айгүл Әбдіғапбарқызы бар.

1-ші және 2-ші сыныпқа  қабылдау емтиханының  ІI кезеңіне жалпы саны 42 талапкер жіберілді. 1-ші сыныпқа 39 талапкер, 2-ші сыныпқа 3 талапкер.