Ахмет Жұбанов атындағы республикалық музыка мектеп-интернатына 2021-2022 оқу жылына оқушыларды қабылдау конкурсының I кезеңі өтті

Ахмет Жұбанов атындағы республикалық музыка мектеп-интернатына 2021-2022 оқу жылына оқушыларды қабылдау конкурсының I кезеңі өтті

Бүгін 1 маусымда Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатына 2021-2022 оқу жылына 1-ші және 2-ші сыныпқа  оқушыларды қабылдау конкурсының I кезеңі өтті. Талапкерлер әртүрлі жанрдағы музыкалық шығармалардан үзінділерді орындады, комиссия мүшелері әннің темпін дұрыс айтуына, музыкалық ерекшеліктерін дұрыс орындауын басты назарға алды. Олардың музыканы тыңдау, есте сақтау қабілеттері тексерілді.

Бүгінгі байқауда қабылдау комиссиясы 73 үміткерді тыңдады.  Мектеп-интернаттың жетекші педагогтарынан құралған комиссия мүшелері: Н.Н. Аширов,  С.А. Оспанкулова, Н.Е. Бекназаров, Ж.О. Набиева, А.У. Сабденалиева, Г.К. Казыбекова, Т.Ж. Исенов және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілі – Сақтағанова Айгүл Әбдіғапбарқызы қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және кері байланыс орнату мақсатында мектеп сайтында көрсетілген сенім телефондарына хабарласу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, сынақтар кезінде үміткерлердің тыңдалымдары ұялы телефонның бейнекамерасына  түсірілді.

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында  конкурстық іріктеу кезінде барлық санитарлық талаптар орындалды.

Байқаудың І турының қорытындысы комиссия отырысында талқыланды. 1-ші сыныпқа  61 үміткер құжат тапсырып, II турға 32 бала өтті. 2-ші сыныпқа 12 бала құжат тапсырып, II турға 3 бала жіберілді. Олардың тізімі мектеп сайтына орналастырылды: jubanov.kz