
Мемлекеттік рәміздер – кез-келген тәуелсіз мемлекеттің нышаны, егемендіктің белгісі, тарихының беріктігі. Еліне деген патриотизм, құрмет, мемлекеттік нышандар – Елтаңба, Ту, Гимнге деген құрметтен басталады.
Мемлекеттік рәміздер күніне орай өңірлерде мемлекеттік рәміздерді дәріптеу және патриотизмге тәрбиелеу мақсатында «Мемлекеттік рәміздер – менің мақтанышым» авто-велошеру акциясы, интеллектуалдық-танымдық ойындар, жас ақындар сайысы, әлеуметтік желілерде #мойфлаг, #меніңтуым хештегімен «Менің елімнің туы», #МеніңрәміздерімМеніңмақтанышым, #Мемлекеттікрәміздеркүні, #МенҚазақстанныңпатриотымын атты челлендж, кітап көрмелері, викториналар ұйымдастырылып жатыр. Сонымен қатар қоғамдық орындар мен орталық көшелерде халыққа жалауша таратылып, флешмобтар, онлайн форматта концерттер, бейнефильмдер көрсетілуде.
Карантин талаптарын сақтай отырып жастар арасында эстафета жарыстары, «Мемлекеттік рәміздер – егемендіктің берік негізі» атты дөңгелек үстел, барлық меншік түріндегі ұйым мен кәсіпорында бір мезетте Мемлекеттік Әнұранды орындау жалғасып тапты.
Айта кетейік, аталған іс-шаралардың басым бөлігі еліміздегі эпидемиялық жағдайға байланысты онлайн форматта өткізіледі.