
28 мамырда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка орта мектеп-интернатында 2021-2022 оқу жылына 1 сынып оқушыларын қабылдау конкурсының ІІ кезеңі өтті.
II кезеңде үміткерлер табиғи музыкалық қабілеттерін көрсетті. Күрделі формада: 4 және одан да көп тактідегі үзінділерді орындау және қайталау, күрделі ырғақтық жаттығулар.
Осы жолы да үміткерлердің конкурстық тыңдалымдары бейнекамераға жазылып отырды. Коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында конкурс кезінде барлық санитария талабы сақталды.
ІІ турдың қорытындысы комиссия отырысында талқыланып, 47 үміткер ІІІ кезеңге жолдама алды. Олардың тізімі мектеп сайтына орналастырылды: baiseitovaschool.kz.
1 сыныпқа түсуге үміткерлерді тыңдаумен қатар, Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілі Айгүл Сақтағанова және «Әлеуметтік навигатор» қоғамдық қорының Президенті, «Адалдық алаңы» серіктестігімен арнайы мониторингтік топтың өкілі» К.М Маненова 9 сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауды өткізу барысымен танысты.
Мемлекеттік емтихан жаңа мазмұндағы білім беру бойынша алғашқы рет оқыту тілінен эссе түрінде өткізілді. Тапсырмаларды Ұлттық тестілеу орталығы әзірледі.