Кирилл Герасименко Токио Олимпиадасына барады

Кирилл Герасименко Токио Олимпиадасына барады

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының мүшесі Кирилл Герасименко Токио Олимпиадасының жолдамасына ие болды.

Бүгін Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) әлемдік рейтингтегі орны бойынша атлеттерге арнайы квота бөліп, құрамамыз тағы бір спортшы апаруға мүмкіндік алды.  

Айта кетейік, осыған дейін үстел теннисінен Анастасия Лаврова Орталық Азия аймағының іріктеу бәсекесінде топ жарып, Токио Олимпиадасының жолдамасына иелік еткен еді.