«Хабар» арнасынан «Жауынгерлік жүректе» атты концерт көрсетілді

«Хабар» арнасынан «Жауынгерлік жүректе» атты концерт көрсетілді

9 мамырда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі  ұйымдастыруымен «Хабар» арнасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған «Жауынгерлік жүректе» атты концерттің трансляциясы өтті.

Алматы қаласы 28 панфиловшы-гвардияшылар атындағы саябақта, «Березовая роща» мемлекеттік орман қорық-саябағында, Қапшағай қаласы 35-жеке ұлан десантты-шабуылдық бригадасында аталған мерекелерге арналған концерттің түсірілімі ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға Қазақстанның халық артисі  Мақпал Жүнісова, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Секен Тұрысбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Медеу Арынбаев, Игорь Благодарный, «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі қатысып, Қазақстанның үрмелі аспаптар оркестрі өнер көрсетті.

7 мамырда еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, бүгінгі күннің батырлары ұлықталады. Осы мейрамның мән-маңызы кейінгі толқынға түсіндіріледі. Сонымен қатар осы мерекеге жылда тұспа-тұс келетін Ұлы Жеңіс күні де ұлықталады. Бұл күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыста жеңіске жеткен батырларды ерекше құрметпен еске алып, майдан даласындағы жауынгерлік ерлік пен тылдағы қажырлы еңбекке тағзым ету мақсатында сахналандырылған, поэтикалық көрсетілім ретінде майдан шебінен архивтік деректі фильмдерді көрсете отырып, көз алдымызға сұрапыл соғыстың бейнесін жеткізе білді.

«Хабар» арнасындағы концертті еліміздің түкпір-түкпіріндегі көреремендер тамашалап, мерекенің қаншалықты мәні мен маңызы барын ұғынуға көмектесті.