Ауыр атлетикадан жастар арасында Әлем чемпионаты аяқталды

Ауыр атлетикадан жастар арасында Әлем чемпионаты аяқталды

23-31 мамыр аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан жастар арасында Әлем чемпионаты өтті.

Бұл бәсекеде Қазақстан құрамасы 6 жүлдеге қол жеткізді.

Абылай Әуелханов, (55 кг), Рахат Бекболат (201 кг), Айсамал Сансызбаева (87+ кг) чемпион атанса, Алексей Дроздов (61 кг) бен Сайрамкез Ақмолда (67 кг) күміс, Гүлнұр Ыбырай (64 кг) қола жүлдегер атанды.

Сондай-ақ 73 килограммда бақ сынаған Сайхан Тайсуев алғашқы жаттығудан кейін екінші орында тұрғанымен жалпы есепте 7-орынға жайғасты.