«Уфа қаласының тарихы» музейімен тікелей эфирде кездесу өтті

«Уфа қаласының тарихы» музейімен тікелей эфирде кездесу өтті

Бүгін, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы алдын-ала жүргізілген келісім бойынша Башқұртстан Республикасы Уфа қаласының қалалық округінің муниципалды бюджеттік мекемесі «Уфа қаласының тарихы» музейімен тікелей эфирде кездесу өткізді.

Кездесу барысында музей басшылары Ә.Мұқтар мен Т.Ильясов бірігіп атқарылатын жұмыстарды талқылады. Тарих ғылымдарының кандидаты Тимур Тагирұлы «Уфа қаласының тарихы» музейіне қысқаша шолудан соң музейге онлайн-экскурсия жасады. Уфа қаласының өткені мен бүгінін қамтитын бейнебаян көрсетілді.

Кездесуде музей басшылары тікелей эфирде өзара ынтымақтастық келісімшартына қол қойды. Бұл болашақта бірігіп атқарылатын іргелі істердің алғышарты.