
28 мамырда Түркістан қаласында «Ұлы Жібек жолы – ұлы мұра» атты халықаралық туристік форум өтеді.
Форум аясында туризм саласында мамандар даярлайтын әлемдік жоғары оқу орындарының қатысуымен тарихи-мәдени мұраны сақтау, халықаралық тәжірибені ескере отырып, туризм саласын дамыту, Ұлы Жібек жолының маңызы жайлы сұрақтар талқыланатын ғылыми-практикалық конференция өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Ұлы Жібек жолы бойында туризм саласын дамытудың перспективаларын, туристік администрациялар және Қазақстан мен Өзбекстан турбизнес өкілдері арасындағы әріптестікті нығайту талқыланады.
Конференцияға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Туризм және спорт министрі Азиз Абдухакимов, «ЮНВТО» бас хатшысы Зураб Пололикашвили және ЮНВТО, ЮНЕСКО өкілдері, туризм саласындағы жетекші жоғары оқу орындарының, туристік компанияларының өкілдері, девелоперлер, Өзбекстанның бизнес өкілдері мен туроператорлары қатысып, сөз сөйлейді.
Бұл іс-шара туризм саласындағы ынтымақтастық бағыттарын әртараптандырудың өзекті мәселелері, саладағы қазіргі үрдістер жөнінде пікір алмасатын алаңға айналады. Іс-шара аясында танымал қазақ каскадері Жайдарбек Күнғожинов пен ҚР альпинистер құрамасының капитаны Мақсұт Жұмаевқа туризм елшісінің белгісі табысталады.
Сондай-ақ форум аясында ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумға қол қойылады деп жоспарланған. Бұл қатарда Қазақстан және өзбек туроператорлары арасында Ұлы Жібек жолы бойында жаңа туристік өнімдерді қалыптастыру бойынша ынтымақтастық бар.
Форум www.tourismonline.kz туристік порталында (тікелей эфирде) көрсетілетін болады.
Іс-шараға қатысуға ниет білдірген БАҚ өкілдері форумды жариялау үшін аккредиттеуден өтуі қажет.
БАҚ аккредитациясы:
аккредитацияны электронды мекен-жайға mcsgovrk@gmail.com 27.05.2021 15:00 дейін жіберулеріңізді сұраймыз
Басталу уақыты: 09:00
Өтетін орны: Түркістан қаласы, Жолбарыс хан көшесі, 6а, Top Tube Grand Hall
Байланыс: + 7 (7172) 74-01-61, 74-09-24 немесе ұялы телефонға +7 7079335917 Әсел Серікпаева