
Бүгін Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Витебскіде өтетін «Славян базары» XXX халықаралық өнер фестивалінде өнер көрсететін отандасымыз Рухия Байдүкенованы қабылдап, сəттілік тіледі.
Жас əнші жүздесу кезінде байқауға дайындық барысы жайлы айтты.
Айта кетейік, биыл Витебскідегі «Славян базары» XXX халықаралық өнер фестивалі 15-18 шілде аралығында өтеді. Көрермендің байқауға келуі үшін Беларусь Республикасы 73 мемлекетпен визасыз режимде келіп-кету жүйесін енгізіп отыр. Байқау ересектер мен балалар арасында өтеді.
Биыл фестивальдің қазылар алқасы қатарында еліміздің мақтанышы, танымал əнші Димаш Құдайберген болады.