Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылдың 9-10 мамырында Алматы облысына барған сапарында берген тапсырмасын, «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, атап айтқанда, туристік кластерлерді құрудың сәтті тәжірибесіне ие стратегиялық (негізгі) инвесторларды тарту шеңберінде индустрияландыру және экономикалық өсу бойынша институционалды реформаны жүзеге асыру үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында белгіленген экономиканы әртараптандырудың басты бағыттарына, және «Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 732 Жарлығына сәйкес Қазақстанды 2050 жылға дейін ұзақ мерзімді дамытудың стратегиялық бағыттарына сәйкес әзірленді.