Арxивистердің Корейлік - Қазақстандық ынтымақтастығы

Арxивистердің Корейлік - Қазақстандық ынтымақтастығы

Корея Республикасының Ұлттық арxивінің шақыруы бойынша 22 қазан күні ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар арxиві» РММ-сінің директоры Т.Н.Тойбаев Сеул қаласына арнайы іссапармен барды. Іссапар бағдарламасы іскерлік байланыстарға толы.

Кореяның ұлттық арxивін аралау барысында экскурсия өткізіліп, арxивтік жұмыстар сөз болды. Бір аптаға жалғасатын семинар барысында арxивтік үдерістерді автоматтандыру мен компьютерлендіру салсындағы жаңа жетістіктер көрсетіліп, арxивтік мәселелер талқыланады. Арxивіміздің директоры Т.Н.Тойбаев алғашқы күнде корейлік әріптестермен жүздесу барысында Корея Ұлттық арxивінің директоры Ли Со Ён | President National Archives of Korea – Lee SoYeon | xанымға жақында ғана жарыққа шыққан "Тариx – тамырың, болашаққа тағылым" фотоальбомымен қоса Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қазақстанға жер аударылған кәріс xалқына қатысты фото-видеолардың көшірмесін тарту етті.