«Бірлігіміз жарасқан» атты 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерт өтті

«Бірлігіміз жарасқан» атты 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерт өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 27 сәуірде «Бірлігіміз жарасқан» атты 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерттің түсірілімі өтті.

«Бірлік болмай тірлік болмас» деген, берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.

Алматы қаласы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық халық аспаптар оркестрінің ғимаратында аталған мерекеге арналған концерттің түсіріліміне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Әлішер Кәрімов, Андрей Трегубенко, Жеңіс Ысқақова, Тамара Асар Құрманғазы атындағы Ұлттық халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсетті. Дирижеры «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты – Абылай Тілепберген.

Ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды асқақтата шырқалған ән мен күй арқылы шарықтатты.

Айта кетейік, бұл концерт 3 мамыр күні «Хабар» агенттігі» арнасында  көрермендерге көрсетілді.