Бизнесті жауапты жүргізудің сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық байланыс орталығы туралы ақпарат

Бизнесті жауапты жүргізудің сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық байланыс орталығы туралы ақпарат

2017 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) Инвестициялық комитетінің қауымдастырылған мүшесі болды және ЭЫДҰ көпұлтты кәсіпорындары туралы декларациясына 48-ші ел болып қосылды.

ЭЫДҰ Инвестициялық Комитетіне қосылуы аясында Қазақстан Үкіметі өз алдына бірқатар міндеттемелерді алды, соның ішінде ЭЫДҰ-ның Көпұлтты кәсіпорындарға арналған басқару қағидаттарына (бұдан әрі – Басқару қағидаттары) сәйкес бизнесті жауапты жүргізудің қағидаттарын тарату бойынша Ұлттық байланыс орталығын құру (бұдан әрі – ҰБО).

Толығырақ: http://mid.gov.kz/kk/pages/biznesti-zhauapty-zhurgizu-boyynsha-ulttyk-baylanys-ortalygy