Ақтоты Райымқұлова «Астана Опера» театрында көшет егуге қатысты

Ақтоты Райымқұлова «Астана Опера» театрында көшет егуге қатысты

Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, «Астана Опера» театрының әртістері, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, Eurasian Resources Group директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры аумағына емен мен мамыргүл көшетін екті.  

Көктемдік акция кезінде егілген 500 емен мен 1000 түп мамыргүл көшеті өнер ошағына көрік бермек.

«Бүгін біз еккен емен өңірдегі климатқа бейімделген. Ал мамыргүл осы өңірде көптеп кездеседі. Сол себепті, көшеттер жайқала өсіп, алып бәйтерекке айналып, Елорда тұрғындары мен қала қонақтарының жанына сая болады деп үміттенеміз»,-деді «Астана Опера» театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров.

Мәуелі ағаш егіп, шаһардың көркеюіне атсалысқандар халықты ауыл-аймақты абаттандыру мен көгалдандыруға шақырады.