
17-23 мамыр аралығында «Атырау» спорт кешенінде бокстан Қазақстан Республикасының V жастар ойындары өтті.
Еліміздің барлық өңірінен келген 370-тен астам былғары қолғап шебері 7 күн бойы кім мықтыны анықтады. Үздік шыққан спортшыларды сайыстың арнайы қонағы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев пен Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев марапаттады.
Қыздар арасында Алматы қаласы бірінші, Түркістан облысы екінші, Қарағанды облысы үшінші орынға ие болды. Ерлер арасында Шымкент қаласы үздік атанса, Жамбыл облысы мен Алматы қаласы сәйкесінше екінші және үшінші орындарға жайғасты.