
Бүгін "Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры" РМҚК Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қызмет бағыттарын түсіндіруге арналған жиналыс өтті.
Театр қызметкерлерімен кездесу барысында жобалық кеңсенің төрағасы Марат Болысбекұлы Қамзолдаев "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жұмыс нәтижелері туралы айтып берді.
Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою мәселелері талқыланды.
Театр қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қатысты сұрақтар қойып, оларға нақты жауаптар алды.