
18 мамыр- Халықаралық музейлер күніне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Музейлер шеруі» акциясы аясында «Таңбалы түні» атты мәдени іс-шара өтеді
Мақсаты: ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміндегі көне дәуір шежіресі «Таңбалы» қорық музейін кеңінен насихаттау және Алматы облысының кәсіпқой суретшілерімен бірлесіп «Ұлы дала галереясы» атты ғылыми- танымдық конференция өткізу арқылы, осыдан шамамен үш, бес мың жыл бұрын өмір сүрген ежелгі дәуір адамдарының тасқа қашалған бейнелермен жеткен тіршілік, танымын бүгінгі суретшілердің өнерімен жалғастыру. Екі дәуірдің сурет өнерін тоғыстыру.
Мәдени шараның жүргізілу бағыты:
«Дала галереясы» тақырыбында суретшілермен ғылыми -танымдық конференция
Командалар арасындағы ойын.
Музыкалық және жарыс форматында.
Кешкі ас
Командалар жарысын «Таңбалы» кешенінде жалғастыру, түсірілім жұмыстары.
«Таңбалы түні» іс-шарасын қорытындылау, қатысушыларды
марапаттау.