
Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың халық алдындағы есеп беру кездесуі ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өтті.
Кездесу барысында министр Министрліктің өткен жылғы және 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы негізгі жетістіктері туралы айтып берді, сондай-ақ болашаққа арналған жұмыс жоспарымен таныстырды. Министр Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде бірқатар іске асырылған іс-шаралар мен алдағы міндеттерді туралы да қысқаша баяндады.