
ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Ұлттық мектеп лигасы өтіп жатыр. Үстел теннисі бойынша жарыстар басталды.
Сайыста еліміздің Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалалары мен Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, СҚО, Атырау, Павлодар облысы мектептерінің 5-6, 7-8 сынып оқушылары бақтарын сынап жатыр.
Жарыстың ашылуына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасы Серік Сәпиев, ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының басшысы Тастанбек Есентаев қатысты.