«Романтизм әуендері» атты концерті өтеді

«Романтизм әуендері» атты концерті өтеді

17 мамыр сағат 19:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында ағаш үрмелі аспаптар квинтетінің «Романтизм әуендері» атты концерті өтеді.

Ұжымның көркемдік жетекшісі - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Жанат Ерманов (кларнет). Квинтеттің құрамында республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Сұлужан Елубаева (флейта), Құралай Мәлімбаева (гобой), Талғат Сапабеков (фагот), Санжар Қадырбеков (валторна) өнер көрестеді. Сонымен қатар концертке арнайы шақырылған әртістер - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Болат Жомартов (баритон) пен Гүлнара Жидилова (фортепиано) қатысады.

Квинтет 1997 жылы құрылып, 2004 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының құрамына қосылған. Бұл «Керемет бестік» - Францияның Марсель қаласындағы Анри Томаси атындағы халықаралық байқауға қатысып, Еуропалық Одақтағы он бес елден келген ансамбльдердің арасында «Құрмет» дипломына ие болған Азия құрлығындағы алғашқы ұжым. 2016 жылы 19 елден келген 165 үміткерлердің арасынан оза шығып «BELBRAND AWARD» халықаралық музыкалық сыйлығының лауреаты атанды. Былтыр шілдеде квинтет әр елден қатысқан мыңнан астам қатысушының ішінде 100 балдың 95-ін жинап, Италияда өткен Россини атындағы халықаралық онлайн-байқаудың лауреаты атанды.

МАҢЫЗДЫ!

Филармонияға кірерде сақтық шараларын қатаң сақтап, Ashyq қосымшасын пайдаланудың негізгі қағидаларын білуіңіз керек.

БАҚ өкілдері алдын ала тіркелуі керек.

Байланыс: +7 7028098007

E-mail: fil.almaty@gmail.com