
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солистері, халықаралық байқаулардың лауреаты Әмір Бисенғалиев пен Еркебұлан Сапарбаев жаңа жоба - The best of… концерт циклін ұсынады.
Жобаның мақсаты - Алматы тұрғындарын көрнекті композиторлардың шығармашылығымен таныстыру және классикалық өнердің озық үлгілерін насихаттау.
Аталған жоба аясындағы концерттерде әлемнің ең үздік 10 композиторының туындылары орындалады. Жалпы 2021-2022 жылдары The best of… жобасы аясында үздік отандық орындаушылардың қатысуымен классикалық музыканың 10 концертін өткізу жоспарланып отыр.
Олар:
1.В.А.Моцарт (1756-1791)
2.Ф.Шуберт (1797-1828)
3.А.Вивальди (1678 – 1741)
4.П.Чайковский (1840 – 1893)
5.Й.Гайдн (1732 – 1809)
6.Л.ван Бетховен (1770 – 1827)
7.Р.Шуман (1810 – 1856)
8.И.С.Бах (1685 – 1750)
9.И.Брамс (1833 – 1897)
10.С.Рахманинов (1873 – 1943)
16 мамыр сағат 18.00-де өтетін алғашқы The best of MOZART атты концерт даңқты композитор Вольфганг Амадей Моцартқа арналады.
Сіздер үшін Әмір Бисенғалиев (скрипка), Еркебұлан Сапарбаев (скрипка), Дархан Сəдуақасов (альт), Сұлтан Абетов (виолончель), Майа Сепп (фортепиано), Нұргүл Нүсіпжанова (фортепиано), Гүлжан Өзенбаева (фортепиано), Александр Романенко (фортепиано) өнер көрсетеді.
Концерттердің кестесі www.fil.kz ресми сайтында және филармонияның әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады.
МАҢЫЗДЫ!
Филармонияға бармас бұрын сақтық шараларын қатаң сақтап, Ashyq қосымшасын пайдаланудың негізгі қағидаларын білуіңіз керек.
БАҚ өкілдері алдын ала тіркелуі керек.