
Қазақстандық шахмат федерациясы Халықаралық шахмат федерациясы ( FIDE) жаттықтырушылар комиссиясымен бірге 2020 және 2021 жылдарға арналған 14-ші шахмат жаттықтырушысы сыйлығының жеңімпаздарын жариялағанын хабарлайды. Дәстүр бойынша, марапат шахмат жаттықтырушылары мен шахмат кітаптарының авторларының жетістіктерін бағалайды.
Халықаралық ABCHESS шахмат мектебінің негізін қалаушы, шахматтан халықаралық мастер Берік Ақкөзов шахматтан онлайн оқыту саласындағы инновациялық әзірлемелер үшін Online Chess Training Award» онлайн шахмат оқыту сыйлығын жеңіп алды.
ABCHESS халықаралық шахмат мектебі шахматты кешенді және жан-жақты тәсілдермен екі тілде оқытуға арналған әлемдегі алғашқы қосымшаны іске қосты. ABCHESS бағдарламасы - бұл ыңғайлы жерде және ыңғайлы уақытта оқу мүмкіндігі бар, бастаушыдан кәсіби шахматшыға дейінгі кезең-кезеңмен дамудың бірегей бағдарламасы. Интернет қосымшасы жүздеген бейне сабақтар мен мың жаттығуды қамтиды, сонымен қатар оқушының ақыл-ой және спорттық дағдыларының: логиканың, есте сақтаудың, зейін мен ойлау жылдамдығының дамуының статистикалық мәліметтерін ұсынады.