Астанада «Шехеразада» және «Шопениана» балеттерінің премьерасы өтеді

Астанада «Шехеразада» және «Шопениана» балеттерінің премьерасы өтеді

«Шопениана» және «Шехеразада» балеттерін ХХ ғасырдың атақты хореографы, жаңалық енгізуші М.Фокин қойған. «Шопениана» («Les Sylphides», Сильфидалар) – Фредерик Шопеннің фортепианолық шығармалары музыкалық арқау болып, романтикалық тақырыпқа құрылған балет. Елордалық өнерсүйер қауымға «Шопениананы» «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова ұсынады. Көрермен аңызға айналған хореография мен Виктор Караренің басшылығындағы қойылымдық топ дайындаған көрнекті сценографияның лайықты бағасын бере алады. Декорацияларда сол заманның поэтикалық рухы сақталады. Костюмдер Л.Баксттың эскиздері негізінде костюмдер бойынша қазақстандық суретші, «Иституто Марангони» академиясының (Милан, Италия) түлегі Арасель Досмұратованың өңдеуімен дайындалды. Ол  «үлпілдеген жеңіл костюмдер» тігу үшін нәзік, тіпті салмағы жоқ маталарды пайдаланды.

Н.А.Римский-Корсаковтың симфониялық сюитасының музыкасына «Шехеразада» балеті ХХ ғасырдың басында – балет өнерінің қарыштап өркендеуі кезеңінде қойылды. Ресейдің Халық әртісі Андрис Лиепа шығыс тақырыбындағы бір бөлімді аяқталған балетті қазақстандық театр сахнасында көрсетуді қолға алды. Оған «Мың бір түн» ертегісінің «Шахрияр патша мен оның інісі туралы» оқиғалар желісі арқау болған.

Санкт-Петербор мен Парижде ұзақ уақыт жұмыс жасап, ХХ ғасырдың басындағы экзотика және ориентализм бағытында еуропалық сән үлгілерін шығарған көрнекті театр суретшілерінің бірі Л.Баксттың сценографиясын қайта жаңғыртқан Ресейдің қоюшы суретшісі Анатолий Нежный сахнаның жабдығы үшін жауап береді.

Осынау атақты суретшінің эскиздері бойынша керемет костюмдерді «Астана Опера» көрермендеріне А.Хачатурянның «Спартак» және П.Чайковскийдің «Щелкунчик» спектакльдерімен танымал болған дарынды Елена Нецветаева-Долгалева жасайды. Дирижер – Арман Оразғалиев. Спектакльдің басталуы 30 қараша күні сағ. 19.00-де, 1 желтоқсан күні сағ. 18.00-де