V Спорттық Жастар ойындары өтіп жатыр

V Спорттық Жастар ойындары өтіп жатыр

V Жастар арасындағы спорттық ойындар өтіп жатыр. Ойындардың бағдарламасына 36 жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша жарыстар енді.

Жарысқа еліміздің 3 қаласы мен 14 облысынан спортшылар қатысып жатыр. Бүгін 12 спорт түрі бойынша жарыстың нәтижелері шықты. Бірінші орында Алматы қаласы (328) ұпай, екінші орында Шымкент – 303, үштікті Алматы облысы түйіндейді 250 ұпай.

Жастар ойындары 10 наурызда ашылған болатын. Жарыстың ашылуына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасы Серік Сәпиев қатысты.

Бұл ойындар үстіміздегі жылдың наурыз-тамыз айлары аралығында өтеді.

Айта кетейік, аталған жарыс төрт жылда бір рет өткізіліп тұрады.

Жарыстың жабылуы – Теміртау қаласында 1 тамызға жоспарланып отыр.

Қорытынды