Дастан Рыспеков обсудил двусторонние отношения в сфере туризма с Милорадом Шчепановичем

Дастан Рыспеков обсудил двусторонние отношения в сфере туризма с Милорадом Шчепановичем

ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков Черногорияның Елшісі Милорад Шчепановичпен туризм саласындағы екіжақты қарым-қатынастарды талқылады.

Тараптар пандемияға байланысты әлемде қалыптасқан жағдайға қарамастан, Қазақстан Республикасы мен Черногория арасындағы Туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту және нығайту мәселелері күн тәртібінің басым бағыттары болып қалатынын атап өтті.

Д. Рыспеков Черногория тарапының осы жылдың 1 сәуірі мен 31 қазан аралығында Қазақстан азаматтары үшін 30 күнге дейін визасыз режим туралы шешім қабылдауына байланысты ынтымақтастықты дамытудың үлкен әлеуетін атап өтті, сондай-ақ Шчепанович мырзаны туристер ағынын тепе-тең негізде арттыру үшін Черногорияны визасыз елдер тізбесіне қосу жоспарлары туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, Д. Рыспеков туристік инфрақұрылымды дамыту және тиісті инвесторларды қолдау бойынша мемлекеттік қолдаудың жаңа шараларын атап өтті.

Заңнамалық деңгейде Қазақстанның туроператорларына әрбір шетелдік турист үшін субсидиялау шарасы көзделетіні атап өтілді, бұл біздің елдеріміздің туроператорларын өзара тиімді шарттарда ынтымақтасуға ынталандыруға мүмкіндік береді.