
Бүгін ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың төрағалағымен Балалар мен жасөспірімдерге арналған тегін мемлекеттік спорттық тапсырыстарды енгізу механизмінің өңірлердегі қарқыны талқыланды. Жиналысқа ҚР Бала құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саин, облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары, Экономика және бюджеттік жоспарлау, дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылары қатысты.
Күн тәртібінде жергілікті бюджет есебінен, кәсіби спорттан бұқаралық спортқа қаржыны бөлу арқылы балалар мен жасөспірімдерге арналған тегін мемлекеттік спорттық тапсырыстардың қаржыландырылуын өсіру, сонымен қатар, балалар спорттық секцияларының тегін мемлекеттік спорттық тапсырыстармен қамтылуын балалар мен жасөспірімдердің жалпы санының 10 пайызын құрау мәселесі тұр.
Естеріңізге салайық, 1 мамырдан балалар мен жасөспірімдерге арналған тегін мемлекеттік спорттық тапсырыстарды енгізу механизмі енгізіледі.