Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында, және жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай, ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқудан өтетін халықаралық онлайн-байқауға өтінімдер келіп түсуде.
Талабы бір-бірінен асып түсетін балалардың құлшынысының күн санап артуы қуантарлық жәйт. Себебі, қоғамның және жастардың Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына деген ынтасын оятып, қызығушылығын арттыру, жыр алыбының баға жетпес ұлттық мұрасы арқылы халықтың рухани деңгейін дамыту бұл байқаудың басты мақсаты.
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы осы онлайн байқау арқылы жасөспірімдердің бойындағы патриотизмді, рухани адамгершілік үйлесімділікті дамытуды, жаңа технологиялардың көмегімен жастардың көркемдік талғамын тәрбиелеуді, кәсіби дәстүрлі музыка әлеміне және көркемсөз өнеріне баулуды және жас өнер өкілдерінің қалыптасуы мен дамуына ықпал етіп, олардың шығармашылық әлеуетін іс жүзінде іске асыруға жәрдем беруді, сонымен қатар, халықаралық еңбек нарығында болашақ өнер өкілдері мен дарынды орындаушылардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуді, әр елдердегі мәдени-ағарту мекемелері мен жастарға білім беретін ұжымдардың өзара ара-қатынасын әрі тәжірибе алмасуын ұйымдастырып, келешекте бірлескен шығармашылық жұмыстар жасауына ықпал етуді көздейді.
Өз кезегінде 15 мамырға дейін онлайн-байқауға өтінім қабылдау әлі де жалғасуда. Толық ақпаратты филармонияның әлеуметтік желідегі ресми парақшаларынан алуға болады.
Байланыс: +7 7028098007
E-mail: philarmonic@mail.ru
Сайт: www.fil.kz
Instagram: @kazakh.philharmonic
@zhambyl_baikauy
Тelegram: Филармония им.Жамбыла
Facebook: Казахская государственная филармония им.Жамбыла
YouTube: Казахская государственная филармония им.Жамбыла