
Мәдениет және спорт министрлігі -«Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға байланысты өзекті мәселелер талқыланды.
Кеңеске «Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің басшысы Марат Қамзолдаев пен кеңсе мүшелері – мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Мерген Дүйсенов, Айгүл Сақтағанова, Ерқожа Тілепбердиев қатысты.
Кеңеске «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының директоры Ғалым Ахмедьяров, директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Қарлығаш Ибраева, директордың көркемдік-өндірістік мәселелері мен ғимаратты пайдалану жөніндегі орынбасары Виктор Караре, театрдың әкімшілік-басқару персоналының, сондай-ақ шығармашылық ұжымдары мен өндірістік цехтарының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Марат Қамзолдаев Мәдениет және спорт министрлігі -«Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің атқарып жатқан істері мен болашақта атқаратын жұмыстарымен, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың әдістемеліктерімен, басқа да заңнамалармен кең көлемде таныстырды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекетіміздің саясатының аса маңызды бағыттарының бірі саналатынын айтты. Ол сонымен қатар Мемлекетімізде құрылған «Adaldyq alańy» мемлекет пен қоғамның жемқорлыққа қарсы тәуекелдерін азайтуға, ұйымдардың қызметінде ашықтықты, жариялылықты қамтамасыз етуге, айқындылық пен қолжетімділікті арттыруға «Астана Опера» қызметкерлерінің де шет қалмауын сұрады.
А. Сақтағанова жиынға қатысушыларға Мемлекет басшысының 2020 жылғы қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Жолдауын іске асыру бағытында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланғанын жеткізді. Және де бұл жұмыс кезең кезеңмен іжүзеге асырылатынын айтты.
Кеңеске қатысқан Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі – Адалдық алаңының өкілі Мерген Дүйсенов «Астана Опера» ұжымын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңымен толығырақ таныстырып, «Астана Опера» ұжымында құрылған «Адалдық алаңының» алдағы істеріне сәттілік тіледі, ішкі талдау Есебіне тыңғылықты қарауға кеңес берді.
Қоғам қайраткері, Мәдениет және спорт министрлігі - «Адалдық алаңының» өкілі Ерқожа Тілепбердиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте зиялы қауымның басын біріктіретін «Парасат жолы» құрылғанын айтып, өнер адамдарының да жемқорлық пен пара алу, басқа да жағымсыз қасиетін қоғам бойынан аластауына үлес қосуда алдыңғы шепте екендерін, олай болса «Астан Опера» ұжымының бұл істерден қалыс қалмауын жеткізді. «Астана Опера» ұжымының сайтқа салған 2019 жылғы бұхгалтерлік Баланыс есебіне тоқталып, 2020 жылдың Балансы сайтқа әлі түспегенін айтты. ҚР МСМ - «Адалдық алаңына» жіберілетін «сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Есебінде» бұхгалтерлік, экономикалық, мемлекеттік сатып алу, кадр, өндіріс бойынша талдаулардың жан жақты талдануын, финанстық, өндірістік көрсеткіштердің терең, ашық болуын қадағалауды сұрады.
«Астана Опера» МОБТ директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров - Адалдыққа, әдептілікке, қиянат жасамауға, азаматтар мен қоғамның мүддесіне қызмет етуге, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа нөлдік шыдамдылық қалыптастыруға үндеу – әрбір қазақстандықтың міндеті, бұл ретте театр ұжымы оны орындауға бар жауапкершілікпен қарайды, - деп атап өтті. «Астана Опера» МОБТ «Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің төрағасы болып аудитор Мұхтар Тұрғынбеков тағайындалғанын, елордалық опера театры жобалық кеңсесінің мүшелері – опера труппасының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов, қызметкерлерді басқару және құжаттама бойынша департаменттің бас маманы Айнаш Шаришева, орталық касса меңгерушісі Жарқынай Махметова, бутафор цехының меңгерушісі Райхан Улмесбекова екенін айтты.
Жиын барысында директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Қарлығаш Ибраева сыбайлас жемқорлық, оның жоюдың тетіктері, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі шаралар туралы баяндамашылардың сөзіне араласып, сыбайлас жемқорлық бағытындағы құқық бұзушылықтар жайлы сұрақтар қойды. Астана Опера ұжымының финанс мәселесінен хабар берді. Жиналыс диалог түрінде өтті.
Жиналысты қорытындылай келе, Жобалық кеңсе кездесулерін тұрақты өткізіп тұру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және оған қарсы іс-қимыл шараларын енгізу бойынша одан әрі алдын алу жұмыстарын орындау туралы шешім қабылданды.
Министрліктен келген «Адалдық алаңы» мүшелеріне директордың көркемдік-өндірістік мәселелері мен ғимаратты пайдалану жөніндегі орынбасары Виктор Караре «Астана Опера» ғимаратын толықтай аралатып, театрдың әкімшілік-басқару персоналының жұмыстарымен таныстырып, сондай-ақ шығармашылық ұжымдары мен өндірістік цехтарының өкілдерінің істерімен таныстырды.