«Ұлы дала Елі» атты республикалық іс-шара өтті

«Ұлы дала Елі» атты республикалық іс-шара өтті

Іс-шара «Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы» мен «Отандастар қорының қолдауымен өтті.  Жиынға мемлекет қайраткерлері, қауымдастық қызметкерлері мен елге еңбегі сіңген қандастар, зиялы қауым және өнер адамдары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында «Ұлы дала Елі» аллеасы ашылып, алаңға тал отырғызылып, әр-бір отырғызылған талдың қасына Еліміздің ең танымал қайраткерлері, ақын-жазушыларының аты жазылған белгі орналастырылды. «Ұлы дала елі» атты этно ауылдың ашылу рәсімі өтіп, арамыздағы жасы үлкен қартымыз,  қоғам қайраткері Үзбен Құрманбайұлы бата берді.

Осынау іс-шараға басқа қоғам қайраткерлерімен бірге шақырылған ақын, «Мәдениет және спорт министрлігі - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің уәкілетті өкілі Е. А. Тілепбердиевке халқымыздың қадірлі ұлдарының бірі, жазушы Шерхан Мұртазаға арналған талды отырғызу, белгіні орналастыру  бұйырды. 

«Мәдениет және спорт министрлігі - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің уәклетті өкілі Е. А. Тілепбердиевке сөз кезегі тигенде, ол, қандастарымыздың ел үшін атқарып жатқан істеріне алғыс айтып, олардың ұлттық дәстүр-салтымыздың алға басуына үлкен үлес қосып жатқандарына риза екенін білдірді. Алдағы уақыттарда да Мемлекетімізде орын алған ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлықты болдырмауға,  пара алу, беру сияқты жаман әдеттерді  жоюға өз үлестерін қосуға, ынтымақ пен бірлікті ту етіп ұстап, осы бағытта бірігіп жұмыс істеуге шақырды.