
Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының оркестрі биылғы жылдың 06-07 наурызында Стокгольм қаласында (Швеция Корольдігі) Online өткізілген I халықаралық көп жанрлы орындаушылық өнер және көркем шығармашылық «AURORA» конкурс-фестиваліне қатысып, Гран-при жоғары атағына ("Балбырауын", "Қыс") және бірінші дәрежелі Лауреат атағына ("Billie jean", " Puttin' on the ritz") ие болды.
Фестивальге Ресей, Қазақстан, Норвегия, Дания, Италия, Финляндия, Исландия, Литва, Беларусь, Татарстан, Башқұртстан және т.б. елдерден 2000-нан астам өнерпаз қатысты.
Фестиваль жақын және алыс елдермен мәдени байланыстарын дамыту және нығайту, мәдени алмасуды жандандыру, шығармашылық атмосфера құру, фестиваль қатысушыларының онлайн-форматта сөйлесуі, шығармашылық жұмыс арқылы ұжым басшыларының кәсіби деңгейін арттыру, қашықтықтан оқыту форматында тәжірибе алмасу, музыкалық продюсерлерді, концерттер мен фестивальдерді ұйымдастырушыларды, ұжымдармен одан әрі байланыс орнату (гастрольдерді ұйымдастыру және гастрольге қатысу үшін шетелдік фестивальдер), онлайн-форматта өзара әрекеттесу, тәжірибе алмасу үшін жағдай жасау және т.б. мақсаттарда өткізілді.