
Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасы Серік Сәпиев Корей Халық Демократиялық Республикасының ҚР төтенше және өкілетті елшісі Син Хон Чхольмен кездесті. Тараптар спорт саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуды талқылады. Серік Жұманғалиұлы спорттағы әріптестікті достық түсіністік негізінде дамытуды қалайтынын жеткізді.
Айта кетейік, бұл КХДР ҚР елшісі Син Хон Чхольдың ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми қабылдауынан кейінгі кездесуі. Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттердің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдаған болатын.