
Жаңа басшыны ұжымға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова таныстырды.
Сәбит Әбдіxалықов Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1992 - 1996 жылдары «театр және кино актері» мамандығы бойынша Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. 2009 жылы Біліктілігін арттыру мақсатында «New York Film Academy» USA қосымша білім алған. 2013 – 2015 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «өнертану ғылымдарының магистрі» дәрежесін алды. 2006 – 2007 жылдары «Қазақ әуендері» АҚ филиалының “Қазығұрт” эстрада театрының жетекшісі қызметін атқарды. 2008 – 2012 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының шығармашылық орталығының жетекшісі болды. 2008-2011 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының аға оқытушысы, 2012-2013 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор міндетін атқарушысы. 2013 жылы ОҚО Мәдениет басқармасының «Оңтүстік-Цирк» МКҚК директоры қызметін атұарды. 2014 – 2015 жылдары «Салтанат Мемлекеттік би ансамблінің» директоры, 2015 жылдан Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры қызыметін атқарады.