Жұмыс тобының отырысында «Алматы-Бішкек» экономикалық дәлізінде туризм үшін денсаулық пен қауіпсіздіктің бірыңғай хаттамасы мен стандартын әзірлеу және енгізу мәселесі талқыланды

Жұмыс тобының отырысында «Алматы-Бішкек» экономикалық дәлізінде туризм үшін денсаулық пен қауіпсіздіктің бірыңғай хаттамасы мен стандартын әзірлеу және енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 22 сәуірде ҚР МСМ Туризм индустриясы комитеті, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ және Алматы қаласы, Алматы облысы әкімдіктерінің туризм басқармалары және өңірдің мүдделі туристік қауымдастықтарының қатысуымен «Алматы-Бішкек» экономикалық дәлізінің туризмді дамыту жөніндегі жұмыс тобының 7-ші отырысы өтті.

Жиында Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков құттықтау сөз сөйледі.

Бұдан әрі, алдын ала  есеп негізінде дайындалған тұсаукесермен ЮНВТО сарапшылары сөз сөйледі, олар «АБЭД саяхатшысының сапары» тұжырымдамасын әзірлеу бойынша белгіленген қадамдарды және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жоспарларды атап өтті.

Техникалық тапсырмаға сәйкес, жоба Қазақстан мен Қырғыз Республикасы туристік секторда дайындаған Covid-19 пандемиясы жағдайында денсаулық сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы хаттамалар мен шараларды талдауға, сондай-ақ озық халықаралық тәжірибені ескере отырып, екі елдің ережелеріне интеграциялануы мүмкін ұсынымдар беруге бағытталған.

«АБЭД саяхатшысының пойыздары» концепциясының жобасын әзірлеу шеңберінде жұмыс кестесі мен сұхбаттар ұсынылды, мемлекеттік органдар үшін сұрақтар мен өзара іс-қимыл шеңбері айтылды. Бұл тапсырма, сондай-ақ шаруашылық қызмет пен көрсетілетін қызметтерді тиісті бейімдеуде туризм саласындағы мемлекеттік және жеке мүдделі тараптардың әлеуетін өсіруге ықпал ететін болады.