
Алматы қаласында V Жастар арасындағы спорттық ойындары өтіп жатыр. Ойындардың бағдарламасына 36 жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша жарыстар енді.
Жарысқа еліміздің 3 қаласы мен 14 облысынан спортшылар қатысуда. Бүгін Алматыда спорттық гимнастика бойынша жарыстың нәтижелері шықты. 9 спорт түрі бойынша бірінші орында Алматы қаласы (251) ұпай, екінші орында Шымкент – 220, үштікті Алматы облысы түйіндейді 188 ұпай.
Жастар ойындары 10 наурызда ашылған болатын. Жарыстың ашылуына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасы Серік Сәпиев қатысты.
Бұл ойындар үстіміздегі жылдың наурыз-тамыз айлары аралығында өтеді.
Айта кетейік, аталған жарыс төрт жылда бір рет өткізіліп тұрады.
Жарыстың жабылуы – Теміртау қаласында 1 тамызға жоспарланып отыр.