«Қазақфильм» ауқымды тарихи киножобаға кастинг жариялады

«Қазақфильм» ауқымды тарихи киножобаға  кастинг жариялады

Көпсериалы киножоба қазақтың ұлы хандарының бірі – Қасым ханның өмірі туралы баяндайды. Жобаның көркемдік жетекшісі – «Жаужүрек Ертұрғыл» сериалын түсіріп жатқан түрік режиссері Метин Гюнай.

Басты рөлдерге, қосалқы және эпизодтық рөлдерге 3 және 80 жас аралығындағы барлық қазақстандықтар (балалар, ер адамдар мен әйелдер) қатыса алады (ер азаматтардың бойы 180 см. кем болмауы тиіс).

Басты талап – қазақ тілінде еркін сөйлеуі керек.

Кастинг Қазақстан бойынша өтеді.

Алматы қаласында кастинг жұмыстары 25 қаңтардан басталады.  

Мекен жайы: Алматы қ-сы, Әл-Фараби даңғ., 176, «Қазақфильм» киностудиясы, «ПЛК» ғимараты, 2-ші қабат, 252 кабинет.

Жұмыс уақыты – күнделікті сағат 10.00-ден кешкі 22.00-ге дейін.  

Сондай-ақ, kazakhfilmcast@gmail.com электронды поштасына келесі ақпараттарды жолдау мүмкіндігі бар: жақыннан бет бояусыз, көзілдіріксіз және линзасыз,  бас киімсіз, өңделмеген фотосуреттерді (селфи емес), сондай-ақ тұла бойы көрінетін бір сурет,  және өзі туралы қысқаша ақпаратты (аты-жөні, жасы, бойы мен салмағы, білімі және кинодағы тәжірибие туралы).

Құрметті әйелдер қауымы! Кастингке бет бояусыз және жасанды кірпіксіз келулеріңізді сұраймыз. Татуажы бар қыз-келіншектерді қабылдамаймыз! 

Фильмнің ресми парақшалары арқылы басқа да жаңалықтарымен таныса аласыздар:

Instagram @kasymkhanfilm

Facebook: https://www.facebook.com/groups/592173564557613/?epa=SEARCH_BOX

ВК   https://vk.com/club177146739

Телеграм  https://t.me/Castingkasymkhan

Анықтама телефондары: 8 775 185 1082, 8(727)3021281

Кастингке қатысу ақысыз өтеді.