
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі – «Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен қоғам қайраткері, «Мейірімді қоғам, оның мемлекетке пайдасы» кітабының авторы Үзбен Құрманбайұлымен кездесу өтті.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі – «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Марат Қамзолдаев қонаққа «Адалдық алаңының» атқарып жатқан істері мен алдағы уақытта атқаратын істері жөнінде айтып өтті. Министр Ақтоты Райымқұлованың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы істер жөніндегі Агенттіктің басшысы А. Шпекбаевпен бірлесіп Мемерандумға қол қойғанын, Ұлттық Кітапханадан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте зиялылырдың басын қосатын «Парасат жолы» орталығы құрылғанын айтты. Кітаптың шығуына «Мәдениет және спорт министрлігі – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің уәкілетті өкілдерінің де атсалысып, тұсаукесерінің өтуіне қолғабыс тигізгенін атап өтті.
Қоғам қайраткері Ү. Құрманбайұлы да өз кезегінде «Мәдениет және спорт министрлігі – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің атқарып жатқан істерінің дұрыстығына үлкен баға беріп, халықтың көріп, естіп отырғанын жеткізді. Көрсеткен көмектеріне, бірлесіп атқарып жатқан шаруаларға рахмет айтты.
Ал «Мейірімді қоғам, оның мемлекетке пайдасы» кітабының жазылуының басты себеп, қазіргі болып жатқан қоғамдағы ахуалға, жемқорлық, ұйымдасқан қылмыстың өршуі, қатыгездік пен мейірімсіздіктің күшеюіне байланысты болып отыр деді. Мемлекетіміздің үлкен бастамалар көтеріп жатқанына тоқталып, сыбайлас жемқорлықты қоғам болып бірге жоймасақ, мемлекет пен халық арасын жақындатпасақ Тәуелсіздігімізге де қауіп төнуі мүмкін деді. Сондықтан бұл кітапта көтерілген басты мәселе мемлекет қызметкерлерін мейірімге шақыру, сол арқылы халықпен жақын болып, сыбайлас жемқорлықты түп тамырымен жою. Ел іргесін нығайтып, қоғамымызды адалдыққа, әділдікке, тазалыққа шақыру, парасаттылыққа жетелеу екеніне тоқталды.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі – «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің уәкілетті өкілі Е. А. Тілепбердиев те өз кезегінде «Мейірімді қоғам, оның мемлекетке пайдасы» кітабынан бөлек, 3-4 жылдан бері «Мейірімді қоғам құру» Концепциясының да дайындалғанын, оны жүзеге асыру керек екеніне тоқталды. «Мейірімді қоғам» құру Концепциясын басшылыққа алып, бағынысты ұжымдарда бастасақ деген пікір білдірді.
Кездесуге қатысқан ҚР Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі – «Адалдық алаңы» өкілі М.Дүйсенов ҚР Мәдениет және спорт министрлігі – «Адалдық алаңы» өкілі А.Сақтағанова пікір білдіріп, авторға алғыс айтты. Кездесу соңында М. Б. Қамзолдаев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі – «Адалдық алаңы» тек қана бағынысты мекемелермен ғана емес, мәдениет те, спорт та халықпен біте қайнасып жатқандықтан қоғам зиялыларымен де жұмыс атқарып жатқанын жеткізді.