
Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі – «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен Министрліктің бағынысты білім беру ұйымдарының бірлескен онлайн-конференциясы өтті.
Онлайн конференцияға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі – «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы М.Қамзолдаев, Нұр-Отан партиясы Бірлік филиалы төрағасының бірінші орынбасары, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің ақпараттық-ағарту штабының мүшесі Шыңғысхан Қожахметов, ҚР Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі М. Дүйсенов, Білім беру, ғылыи қызмет және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Р.Игенев, Білім беру, ғылыи қызмет және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директорының орынбасары А. Бегатаров, Білім және ғылым басқармасының өкілдері, К. Байсейітова атындағы Республикалық мамандандырылған музыкалық орта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат ұжымы, А. Жұбанов атындағы Республикалық қазақ мамандандырылған музыка дарынды балаларға арналған мектеп-интернат ұжымы, П. Чайковский атындағы РМҚК Алматы музыкалық колледжі ұжымы, А. Селезнев атындағы РМҚК Алматы хеорографиялық училищесі ұжымы, Ж. Елебеков атындағы РМҚК эстрада-цирк колледжі ұжымы, О. Таңсықбаев атындағы РМҚК Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі ұжымы қатысты.
Онлайн жиында Мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда және өзге де субьектілерде жұмыс істейтін «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің қызметі туралы, сондай-ақ мемлекеттік органдармен өзара қимыл кезінде ашықтықты, айқындықты арттыру, азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі жұмыс, қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету туралы айтылды. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тақырыптары қаралды.
Әуелі сөз Шыңғысхан Шопанұлына берілді. Ол «Адалдық алаңдарының» жұмысына тоқталып, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті үдете түскеніне, ел экономикасының айтарлықтай жақсаруына үлес қосып жатқанына тоқталды. Спикер сөз арасында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі – «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің де осы істе алда көрініп, көпшілікке үлгі болып жатқанына алғыс білдірді.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі – «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Марат Болысбекұлы Қамзолдаев осы уақытқа дейін «Адалдық алаңының» атқарған істерін баяндап, алдағы жоспарларымен таныстырды. Былтырғы абитуренттерді қабылдау кезіндегі іс-шараларға «Адалдық алаңы» қызметкерлерінің де қатысқанын айтып тәжірибелермен бөлісті.
Ал Білім беру, ғылыи қызмет және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директорының орынбасары А.Бегатаров, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу әдістемесіне» байланысты сұрақтар қойды.
Жиын барысында қойылған сауалдарға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі – «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің уәкілетті өкілі А.Сақтағанова түсінік берді.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі – «Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің уәкілетті өкілі Е. Тілепбердиев өз кезегінде елімізді дамытуға кедергі болып отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу үшін қоғамды, әрбір ұжымды ізгілікке, парасаттылыққа тарту керек екенін, бұл жолда ұстаздар міндетінің жоғары екеніне тоқталды.
Оқу орындарында ұстаздарымыз ашық, мәдениетті, арлы, адал, іскер, парасатты болса ғана жемқорлыққа төзбейтін болашақ мемлекет қызметкерлері, қоғам қайраткерлері шығып, қазіргі - жемқорлықтан, жағымпаздықтан құтылатынымызды, сол арқылы бақуатты, экономикасы бай, рухы мықты елге айналатынымызды айтты. Оқу орындарындағы бүхгалтерлер, экономистер, заң қызметкерлері, мемлекеттік сатып алу қызметкерлері, кадр қызметкерлері бұл істерден тыс қалмай жұмыстарын білікті атқаруға, ұжымға бөлінген мемлекет қаржысын бейберекет шашпауға, сонымен бірге әрқайсысы өз орнында сыбайлас жемқорлықтың тәуекелінің алдын алуға шақырды.
Жиналыс соңында М.Қамзолдаев онлайн жиынға қатысушыларға алғыс айтып, істеріне сәттілік тіледі.