Алматыда V Спорттық Жастар ойындары өтіп жатыр

Алматыда V Спорттық Жастар ойындары өтіп жатыр

Алматы қаласында V Жастар арасындағы спорттық ойындары өтіп жатыр. Ойындардың бағдарламасына ХХХҮІ жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша жарыстар енді.

Жарысқа еліміздің 3 қаласы мен 14 облысынан спортшылар қатысып жатыр. Бүгін Алматыда спорттық құзға өрмелеу бойынша әйелдер мен ерлер арасындағы жарыстың нәтижелері шықты. 8 спорт түрі бойынша бірінші орында Алматы қаласы (215) ұпай, екінші орында Шымкент – 195, үштікті Алматы облысы түйіндейді 179 ұпай.

Жастар ойындары 10 наурызда ашылған болатын. Жарыстың ашылуына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасы Серік Сәпиев қатысты.

Бұл ойындар осы жылдың наурыз-тамыз айлары аралығында өтеді.

Айта кетейік, аталған жарыс төрт жылда бір рет өткізіліп тұрады.

Жарыстың жабылуы 1 тамызға жоспарланып отыр.

Жарыс нәтижесі