Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату бойынша қабылданатын өтінімдерге қатысты ақпарат

Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату бойынша қабылданатын өтінімдерге қатысты ақпарат

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Мәдениет туралы» Заңға сәйкес баспа ісі саласы бойынша екі бағытта қызмет атқарады.

Олар:
1. Мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу.

2. Мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару.

Бұл қызметтер Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылы 18 шілдедегі № 210 бұйрығымен бекітілген және арнайы www.msm.gov.kz сайтында жарияланған Мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алуға іріктеуде қойылатын басты талап - ұсынылған шығарма бұрын басылып шықпаған болуы қажет.

Өтінімдер әр жылдың 1 ақпан мен 1 мамыры аралығында мына әдебиет түрлері бойынша қабылданады:
1) энциклопедиялық және анықтамалық әдебиет;
2) балалар және жасөспірімдерге арналған әдебиет;
3) мәдениет және өнер туралы әдебиет, оның ішінде ноталық әдебиет (ноталық шығармаларда ноталар шығарманың жалпы көлемінің 50%-ын құрайды);
4) көркем әдебиет;
5) танымдық әдебиет;
6) қоғамдық-саяси әдебиет;
7) ғылыми-көпшілік әдебиет;
8) аударма әдебиет;
9) мерейтойлар мен атаулы күндерге арналған.

Іріктеуге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтінімдері шығарманың көркемдік құндылығының болуы, сатып алудың өзектілігі, орындылығы тұрғысынан қорытынды беретін Сараптама комиссиясы қарастырады.

Сараптама комиссиясының қорытындысы бойынша әрбір әдебиетке қорытынды дайындалады.

Оң қорытынды алған әдебиет қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқығын белгілі бір мерзімге сатып алу жөнінде шешім қабылдайтын Ведомствоаралық комиссия қарауына ұсынылады (анықтама тел: 87018471290, 87751484812, 87755221119.

Қағидалармен келесі сілтеме бойынша таныса аласыздар https://www.gov.kz/memleket/entities/mcs/press/news/details/informaciya-po-priemu-zayavok-na-priobretenie-izdanie-i-rasprostranenie-obshchestvenno-znachimoy-literatury?lang=kk

Қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару және тарату бағыты бойынша өтінімдерді әр жылдың 5 қаңтар – 1 маусым аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы (Алматы қаласы, байланыс телефондары: 87758977788, 87774534324, 8(727) 397 61 97; 397 61 15)

Алдын ала іріктеу келесі сілтеме бойынша жүргізіледі http://e.kitap-palatasy.kz/