Күрестен Азия Чемпионаты:Алтыншы күн

Күрестен Азия Чемпионаты:Алтыншы күн

Алматы - Алтыншы күннің қорытындысы бойынша еркін күрестен Ұлттық құрама қоржынында 2 алтын, 1 күміс медаль бар. 

2 алтын – 74 кг Нұрқожа Қайпанов, Олег Болтин 125 кг,

1 күміс – 61 кг Адлан Асқаров

Алтыншы күні еркін күрестен ұлттық құрама сапында 5 салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткендер: 

  1. 61 кг - Адлан Асқаров

  2. 74 кг - Нұрқожа Қайпанов

  3. 86 кг - Азамат Дәулетбеков, Есқали Дәулетқазы

  4. 92 кг - Эльхан Асадов

  5. 125 кг Олег Болтин

Командалық есепте көшті ирандықтар бастап тұр, екінші орында Үндістан командасы, үштікті ұлттық құрама түйіндеді.

Біздің анықтама:

Күрестен Азия чемпионаты – азия мемлекеттері спортшылары үшін еркін, грек-рим, әйелдер күресінен құрлықтық чемпионат. 1979 жылдан бері өткізіліп келеді. Әйелдер арасындағы жарыстар 1996 жылдан бері ұйымдастырылады. Жарысқа әлемнің үздік спортшылары қатысады. Қазақстандағы турнирді Біріккен Күрес Әлемі (UWW) ұйымы жоғары бағалады.  2019 жылы Қазақстанда кадеттер арасында Азия және Әлем чемпионаттары өтті. 

Квалификациялық турнирдегі салмақ дәрежелері:

Грек-рим күресі: 60-67-77-87-97-130 кг

Еркін күрес: 57-65-74-86-97-125 кг

Әйелдер күресі: 50-53-57-62-68-76 кг

Азия Чемпионатындағы салмақ дәрежелері:

Еркін күрес: 57-61-65-70-74-79-86-92-97-125 кг

Грек-рим күресі: 55-60-63-67-72-77-82-87-97-130 кг

Әйелдер күресі: 50-53-55-57-59-62-65-68-72-76 кг