Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күнімен  құттықтады

Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күнімен  құттықтады

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды 18 сəуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күнімен  құттықтады.

«Құрметті достар!
Сала мамандары!

Сіздерді 18 сəуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл атаулы күн ЮНЕСКО жанынан құрылған ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңестің (ICOMOS) ассамблеясында 1983 жылы дəл осы күні бекітілген.

Адамзатты жалпыға ортақ мəдени мұраны қорғауға шақыратын халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күнінің мəн-маңызы жоғары. Дүниежүзілік мұра күні аталып кеткен бұл тəулік көпшілікті той тойлау үшін емес, сан ғасырлық өркениетті айғақтайтын маңызды нысандарды сақтауға үндейді.

Осы ретте ескерткіштер мен киелі жер жайлы таным көкжиегін кеңейтетін көрмелер мен іс-шаралар өткізетін, қайта қалпына келтіру жұмысына біле сыбана кірісетін сала мамандарының ерен еңбегіне зор алғыс айтқым келеді. Сіздер Тәуелсіздіктің 30 жылында қоғам мен мемлекеттің тарихи-мәдени мұраға деген көзқарасын өзгерту атсалысып, еліміздің өз заңнамасын қалыптастыруға, ЮНЕСКО, ICOMOS сынды халықаралық ұйыммен ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосып келесіздер. Лайым құнды мұраларымызды насихаттау жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!

Алдағы уақытта да əр өңірдегі шежірелі ескерткіш пен көрнекті орын ел есінде болып, əлемдік деңгейде таныла беруіне тілектеспін!», -деп жазылған министрдің құттықтау хатында.