
Алматы – Бесінші күннің қорытындысы бойынша еркін күрестен Ұлттық құрама қоржынында 1 алтын, 1 күміс медаль бар.
1 алтын – 70кг Талғат Сырбаз
1 күміс – 97 кг Әлішер Ерғали
Бесінші күні еркін күрестен ұлттық құрама сапында 5 салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткендер:
1)57 кг- Дәулет Теміржанов
2)65 кг- Дәулет Ниязбеков
3)70 кг- Талғат Сырбаз
4)79 кг- Ғалымжан Өсербаев
5)97 кг – Әлішер Ерғали
Біздің анықтама:
Күрестен Азия чемпионаты – азия мемлекеттері спортшылары үшін еркін, грек-рим, әйелдер күресінен құрлықтық чемпионат. 1979 жылдан бері өткізіліп келеді. Әйелдер арасындағы жарыстар 1996 жылдан бері ұйымдастырылады. Жарысқа әлемнің үздік спортшылары қатысады. Қазақстандағы турнирді Біріккен Күрес Әлемі (UWW) ұйымы жоғары бағалады. 2019 жылы Қазақстанда кадеттер арасында Азия және Әлем чемпионаттары өтті.
Квалификациялық турнирдегі салмақ дәрежелері:
Грек-рим күресі: 60-67-77-87-97-130 кг
Еркін күрес: 57-65-74-86-97-125 кг
Әйелдер күресі: 50-53-57-62-68-76 кг
Азия Чемпионатындағы салмақ дәрежелері:
Еркін күрес: 57-61-65-70-74-79-86-92-97-125 кг
Грек-рим күресі: 55-60-63-67-72-77-82-87-97-130 кг
Әйелдер күресі: 50-53-55-57-59-62-65-68-72-76 кг