Марат Камзолдаев жұмыс сапарымен П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжіне барды

Марат Камзолдаев жұмыс сапарымен  П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжіне барды

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Марат Камзолдаев жұмыс сапарымен  П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжіне барды.

Кездесуде оқу орнының әкімшілік-басқару мүшелері: директор, директордың орынбасарлары, бас бухгалтер және колледждің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі қатысты.  Кездесу барысында жобалық кеңсенің одан арғы жұмыс барысы талқыланды.

Жобаның басты мақсаты - мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, оқу орындарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және білім беру мен оқыту үшін қолайлы жағдай жасау.  Мемлекеттік органдардың жұмысы ашық болуға тиіс. Ол үшін ауқымды қоғамдық бақылау енгізілуде.  Осы және көптеген мәселелер туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Марат Камзолдаев айтып өтті. Кездесу соңында колледж басшылығына «Адалдық алаңы» жұмысын жандандыру, қызметкерлер, оқытушылар және студент жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру бойынша кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды.